
«Егіздер – ерекше жандар» шығармашылық егіздердің кездесуі атты 2022 жылғы 9 –ауысымның ашылу салтанаты өтті. Ауысым демалушы егіз балалардың өнерлерін ортаға сала отырып, өз елінің ұлттық мұрасын қастерлеуге, эстетикалық танымын және өнерге қызығушылығын дамыту мақсатын көздейді. Егіздер ауысымы 2019 жылдан бастап Қонаев қаласы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында бастау алған болатын. Бүгінгі күнде орталығымызда 90 егіз бала демалып жатыр.
Ауысым Президенті болып Макарова Елизавета сайланды. 9 –ауысым қатысушыларына сәтті демалыс тілейміз!







.png)