Ауысым қатысушылары жаңа ғасырдың жаңашыл ақыны, қазақ поэзиясы әлеміне ерекше өрнек, бөлек ой алып келген әдебиет әлемінің тұлғаларының бірі - Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары, Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері Ақберен Елгезекпен кездесті.

          Кездесу барысы балалармен ақынның  еркін форматта сұхбаты  ретінде өткізілді. Ақын өзінің балалық арманы, хоббиі, ақындық жолға қалай келгені, бүгінгі жастарға айтар өсиеті мен мотивациясы туралы, бүгінде атқарып жатқан жобалар мен игі істері туралы ой бөлісті.  

        Орталық кітапханасында ауысымда демалып жатқан 10 балаға «Болмаған балалық шақ» кітабын қолтаңбасымен  сыйға тартып, оларға ағалық ақылын, ақындық жолдың қыр-сырымен ой бөлісті.  

     Жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлының әр кезде басты сабақ боларлық түйінді қорытындысы мынадай  «Жастарымыз отаншыл болсын ... Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде- кім ата-анасын ардақтаса, сол ата-анадан бірге туған бауырлармен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе сол адам патриот, отаншыл болады» деген болатын. Сол сияқты Отансүйгіштік және сонымен қатар тарихымыздың біртуар ұлдарының өмір жолы мен жетістіктеріне терең үңіліп, сүйсіну, талдау жасап қана қоймай, Ақберен ағамыздай өз отанының жанашыры болуға талпынуға деген құлшыныс туары хақ.

         Кездесу балалардың бойына рух сыйлап, әдебиет пен өнерге деген қызығушылықтарын арттырды.  

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner