«Патриотизм -жалынды жастардың қолында» Қазақстандық жас  патриоттар Академиясының 6  жылдығына орай республикалық онлайн басқосуы 21 ақпан күні болып өтті.

        2016 жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК-да қазақстандық жас патриоттар Академиясы құрылды. «Академия күні» жыл сайын 22 ақпанда дәстүрлі өтеді. Қапшағай қ. «Балдәурен» РОСО Қазақстандық жас патриоттар Академиясының 6 жылдығына орай 21 ақпан күні «Патритоизм – жалынды жастардың қолында» тақырыбында республикалық онлайн басқосу өткізді. Онлайн басқосудың мақсаты: «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясы негізінде қазақстандық жас патриоттарды тәрбиелеу, рухани-адамгершілік, патриотизм бағытындағы атқарылған жұмыстарды насихаттау арқылы патриот балаларды қолдау.

     Онлайн басқосуға  «Балдәурен» РОСО-ның 4 орталығының өкілдері,  Қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшелері, патриоттар, өзін-өзі басқару органдарының қатысушылары, балалар үйі мен балалар ауылының тәрбиеленушілері, директордың орынбасарлары, педагог-қызметкерлер, әдіскерлер қатысты.

          Онлайн басқосудың салтанатты түрде ашылып, Қапшағай қаласы «Балдәурен» республикалық оқу – сауықтыру орталығы кешен басшысы Джалаева Ляззат Ахимбекқызы қатысушыларды құтықтады.  «Жас патриотттар Академиясы- жарқын болашақ жолында» тақырыбында Қапшағай қаласы «Балдәурен» РОСО бойынша атқарылып жатқан жұмыстар есебі, Академия мүшелерінің іс – тәжірибесі, Нұр-Сұлтан қаласы №91 мектеп-гимназияның 9б сынып оқушысы, мектептегі еріктілер қозғалысының жетекшісі, ЮНИСЕФ еріктілер желісінің мүшесі, «Ерекше мерекелер» қорының үйлестірушісі, Елбасы медальі иегері Мурзагалиева Диана, Талдықорған қаласы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері Веснина Ирина, Хасен Асхат, Түркістан облысы, Арыс қаласы  Т.Тәжібаев атындағы жанұялық  балалар үйі тәрбиеленушілері Мадиярқызы Нұрайлым, Константинов Рафаил, Шалбосынова Аяулым, Түркістан облысы, Төле би ауданы Первомаевка ауылы, №2 балалар үйі тәрбиеленушілері Өмірсерік Жанар, Өмірсерік Жанерке патриоттық бағыттағы атқарған жұмыстарының іс – тәжірбиесін ұсынды. Онлайн басқосу қортындысы шығарылып, белсенді балалар Академия қатарына қабылданды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner