
Орталығымызда 8-ауысым қатысушыларымен «Балдәурен-көп ұлтты!» спорттық-сауықтыру ойыны өтті. Іс-шара балаларды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру және білім деңгейін көтеру мақсатын көздеді. Ойын ерекше формада болды. Әр топтан 13 баладан қатысып, жарыс екі турдан тұрды. Алдымен 8 бала спорттан жарысып, содан соң, 5 зияткер бала таңдаған мемлекет бойынша мағлұматты тауып сайысқа түсті. Жоғарғы нәтиже көрсеткен топтар марапатқа ие болды.











.png)