"Балдәурен парламенті" өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс жасайды

Орталықта әр ауысым сайын оқу және сауықтырумен қамтамасыз етілетін балалар ұжымында "Балдәурен парламенті" өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс жасайды. 2021 жылдың 15 ауысымы барысында республика бойынша жұмыс жасап жатқан өзін-өзі басқару ұйымдарының арасында байланыс орнату, іс-тәжірибе алмасу, белсенді балаларды анықтап қолдау мақсатында 24 қараша күні "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы" атты "Мектеп парламенті" мүшелерінің республикалық онлайн бас қосуы өтті. Онлайн бас қосуға әр облыстан нәтижелі жұмыс жасап жатқан "Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару ұйымының 8-9 сынып оқушылары шақырылды. Іріктеуден өткен жұмыстар республикалық онлайн бас қосуда таныстырылым жасап және үздік деп танылған өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері Қапшағай қ. "Балдәурен" РОСО-ға кезекке сай сауықтыруға шақырылады. ???? Олар: УАйсова Томирис, Алматы қ.; Батырғали Шұғыла, Атырау облысы; Әскергазина Гүлмара, ШҚО; Рахымғали Нұрсұлтан, Атырау облысы. Барлық қатысушыларға және жетекшілерге сертификат беріледі.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner