Балдәуренде демалушылар арасында дебат турнирі өтті

          «Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететен білім беру технологиясы» - деген болатын ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов. Осы орайда Қапшағай қаласы «Балдәурен» РОСО 2022 жылдың 2 ауысымын жас спикерлер мен дебатерлардың кездесуі форматында өткізіп жатыр. Жоспарға сәйкес 22 ақпан күні «30 жылдағы Қазақстан» тақырыбында пікірталас  турнирін тарих пәні мұғалімі Алдабергенов Р. өткізді.

           Демалушылар арасында мектепішілік дебаттық қозғалысты дамыту және насихаттау мақсатында өткен шараға ауысым мүшелері белсене қатысты. 9-сыныптар арасынан іріктеуден өткен 4 топ тартысқа түсті. Олар: «Алаш» тобы, құрамы: Серікқызы Сымбат, Тлеукул Адина, Мақсұт Арсен. «Ақ Орда» тобы, құрамы: Мукушев Ильяс, Көкенова Дияра, Әлдібай Таңжарық. «BaryStar» тобы, құрамы: Әмір Ханбибі, Батыр Ильяс, Қайырбекова Аружан. «Dream» тобы, құрамы: Сағатбек Әділ, Алпысбай Аяулым, Нұрдаулет Ерасыл. Эксперттер қай команданың өз позициясы дәлелдеуге сенімді екенін анықтады. Ойын ережелері мен регламенттің сақталуын бақылайтын таймкипер де болды. Нәтижесінде белсенді қатысқан балалар дипломдармен марапатталды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner