
2022 жылдың маусым, шілде айларында Қонаев қаласы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 4 ауысым өтті. Олар:
- «JAIDARMAN CUP» КТК командалар фестивалі;
- «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!» жас жол инспекторларының республикалық слеті;
- «Егіздер – ерекше жандар» шығармашыл егіздердің кездесуі;
- «Тезірек.Жоғары.Күштірек.» денсаулық марафоны.
Жоғарыда көрсетілеген ауысымдарда жалпы саны 1056 бала демалды. Орталығымызда 7-8 маусым аралығында 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдәурен білгірі-2022» ІІІ Республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Іс-шара балалардың шығармашылық ойлауы мен зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік жобаларға бейімделуін қалыптастыру мақсатын нысанаға алды. Байқау қатысушылары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, Гран-при ұтып алған балаларға «Балдәурен» РОСО-на жолдама берілді. Жетекшілеріне де құрмет грамоталары табысталды.
«ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ» V паралимпиадалық жарыстар 2022 жылдың 16-17 маусымында «Балдәуренде» болып өтті. Жоба мүмкіндігі шектеулі балалардың спорттық жетістіктерін көрсету, спорт және дене шынықтыру саласында инклюзивті білім берудің жаңа дағдыларын игеру, қоғамға бейімдеу және әлеуметтендіру мақсатын көздеді. Паралимпиада волейбол, шахмат, жүзу, армрестлинг, параби жарыс түрлері бойынша болды. Жарысқа жалпы 9 өңірлік команда қатысты.
Маусым айының 19-26 күндері аралығында «Жаңа ұрпақ» Республикалық көшбасшылық мектебінің жетекшілерінің ұйымдастыруымен семинар-коучингтер өтті. Тренингке «Балдәурен» РОСО-ның 4 орталығының педагогтары мен ұйымдастырушы-ұстаздары, психологтары қатысты. Тренинг барысында педагогтардың ұжымдық жұмысын жетілдіру мақсатында практикалық жұмыстар, ситуациялық сұрақтар мен топтық тапсырмалар берілді. Тренинг жүргізушісі әйгілі педагог Шалва Александрович Амонашвилидің оқушысы, «Жаңа ұрпақ» Республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы, гумандық педагогиканың мұғалімі Асхат Абжанов болды. Соңында семинар қатысушыларына семинарға қатысқандығын және сәтті аяқтағанын растайтын арнайы сертификаттар табысталды.
«JAIDARMAN CUP» КТК командалар фестивалі» атты 7 ауысымға көңілді тапқырлар клубтары командаларының аудандық, қалалық, облыстық жеңімпаздары, оқу озаттары қатысты. Орталығымызға қонаққа Құлымбетов Оңдасын ҚР Алматы қаласы және облысы бойынша Жайдарман директоры және Нұрсұлтан Жақсыген «Ұлттық құрама» жайдарман тобының мүшесі, актер, жүргізуші және Хаһар Бексұлтан «Эверест» жайдарман тобының мүшесі келді. 7 ауысым қатысушылары өз кумирлерімен кездесіп, қызықтырып жүрген сұрақтарын қойды. Кездесу балалардың көңілінен шығып, естелік суреттерге түсті.
«Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!» жас жол инспекторларының республикалық слеті» атты 8 ауысымға республикалық, облыстық, аудандық «Жолда жүру ережелері» жас инспекторлар командалық сайыстарының жеңімпаздары қатысты. «Тура жол», «Бағдаршам», «Аман жол» деген жас инспекторлардан тұратын командалар келді.
«Егіздер – ерекше жандар» шығармашылық егіздердің кездесуі» атты 9 –ауысымы болып өтті. Ауысым демалушы егіз балалардың өнерлерін ортаға сала отырып, өз елінің ұлттық мұрасын қастерлеуге, эстетикалық танымын және өнерге қызығушылығын дамыту мақсатын көздейді. Егіздер ауысымы 2019 жылдан бастап Қонаев қаласы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында бастау алған болатын. Бүгінгі күнде орталығымызда 90 егіз бала демалып, уақыттарын қызықты өткізді. «Алаш» партиясының құрылғанына 105 жыл толуына орай, 9-ауысым қатысушылары А.Байтұрсыновтың музей-үйіне саяхатқа барды.
«Тезірек. Жоғары. Күштірек.» денсаулық марафоны» атты 10 ауысымға халықаралық, республикалық, облыстық спорт жарыстарының жеңімпаздары, спорт мектептерінің оқушылары қатысып, спорт түрлерінен сайысқа түсті. Ауысым қатысушылары грек-рим күресінен әлем чемпионы, олимпиада ойындарының жүлдегері Теңізбаев Нұрбақытпен кездесіп, шеберлік сыныбын өтті.
2022 жылды «Балалар жылы» деп жарияланып, Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» атты көркем еңбек пәні мен суретші-педагогтардың Халықаралық симпозиумы өтті. Халықаралық симпозиум қатысушылары екі күн бойы көрме жұмысына, плэнерге, шебер-сыныптарға қатысып, өздерінің таланттарын паш етті, алдыңғы буыннан үздік тәжірибелер жинақтап, өз жұмыстарында қолдана білуді үйренді. Еліміздің көркем еңбек пәні мен суретші-педагогтері, жоғарғы оқу орындары мамандары, Қырғыстан Республикасынан келген шебер педагогтер бір мақсатқа жұмыс жасап, өнер жолындағы мамандардан өздеріне қажетті бағыттар мен кеңестер алды. Шебер -сынып өткізіп өздерінің қолөнерлік қабілеттерін паш еткен үздік ұсаздар марапатталды.











.png)