
«Тезірек. Жоғары. Күштірек» денсаулық марафоны» атты 10- ауысымның тақырыбына сай спорт майталмандарымен кездесу өтті. Орталығымызға Грек-рим күресінен әлем чемпионы, олимпиада ойындарының жүлдегері, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Теңізбаев Нұрбақытпен және ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Күрес түрлері бойынша Алматы облысы федерациясының президенті, Конаев қаласындағы спорт мектебінің директоры Күзембаев Дамир келді. Балалар қызықты сұхбат жүргізіп, өздері білгілері келген сұрақтарға жауап алды.









.png)