Біздің мақтанышымыз

      2022 жылдың 17-25 наурызында Дубайда өткен Fazza жеңіл атлетикадан  13-ші Әлем  чемпионатында ерлер арасында 200 м қашықтықта жүгіруден параатлетикадан орталығымыздың спорт-нұсқаушысы Солтанғалиұлы Ерасыл  Әлем  бас жүлдесін  жеңіп алды. (26.30 сек )

         Бұл жарысқа желтоқсан айында республика бойынша көрсеткен үздік нәтижесі арқылы жолдама алған болатын.

        Солтанғалиұлы  Ерасыл – 12.05. 2000 жылы туылған. ІІ топтағы мүгедек.  Қазақ спорт туризм академиясын 2021 жылы бітірген, қазіргі уақытта магистратурада білім алады. Жеңіл атлетикадан  ҚР спорт шебері, ҚР бірнеше мәрте чемпионы, халықаралық байқаулардың жеңімпазы. 2021 жылдың қыркүйек айында ҚР чемпионатында 1 орын алып, өз категриясы бойынша рекорд жаңартты.

         Ерасылды бұл жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің туын биіктерде көтере берсін!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner