Жас Патриоттар Академиясының мүшелерінің бастауымен 10 ауыысым қатысушылары, Қонаев қаласындағы «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, керемет кеш қойды. Іс-шара «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» тақырыбында өтіп, ата-әжелеріміздің көңіл күйілері көтеріліп, сергіп қалды. Қарияларымызға сенімді және тәрбиелі ұрпақ өсіп келе жатқанын көрсеттік. Кеш соңында ата-әжелері балаларға бата беріп шығарып салды. «Қартымыз – қазынамыз», осы қазынамыздың қадірін біліп жүрейік, жас достар!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner