Орталығымыздың оқу-білім беру бөлімі ұстаздарының жаңа жобасының тұсаукесері өтті.  Жоба «Құндылық минуты» деп аталады. Жобаның мақсаты –  орталық базасында оқу-сауықтырумен қамтамасыз етілетін балаларға құндылықтарға негізделген білім беру, рухани-адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту, құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

   "Құндылық минуты" жобасы оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету мақсатында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, ҚР өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа ала отырып жүзеге асыруға жоспарланған.

         Құрметті балдәурендіктер жоба барысында атқарылатын жұмыстарды сайтымызда жариялап отыратын боламыз.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner