Қонаев қаласы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2022 жылғы 14-ауысымына орай ұйымдастырылған «Қазақ және Шалқар» радио жүргізушілерімен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, қазақ радиосының дикторы Серіков Аманжан Еңсебайұлы жәнеде «Шалқар» радиосынан Бақыт Жағыпарұлы бастаған Гүлнәз Шалабайқызы, Жанар Оразымбетқызы, Лашын Мұратқызы, Гүлбағыш Бостанова, Бағдат Мұхтарұлы, Талант Арғынғали, Гүлбану Алпамысқызы келді. Өз салаларының майталмандарына айналған мамандармен кездесіп, балалар өздерін қызықтырып журген сұрақтарға жауап  алды. Сонымен қатар, «Радиода қалай сөйлеу керек? Журналист болу үшін нені білу керек?» деген сауалдарға жауап беріп қана қоймай, өз бағдарламаларынан бір үзіндіні балаларға арнап шеберлік сыныбы ретінде қойып берді. Ауысым тақырыбына сай, еліміздің әр өңірлерінен жиналған балалармен бірге жақсы әңгіме, әсерлі сұхбат болғанына сенімдіміз.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner