«Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығында  жаңа оқу жылының басталуына орай, Педагогикалық кеңес өтті.  Орталықтағы бөлім басшылары, мектеп мұғалімдері осы оқу жылындағы жаңалықтармен, өзгерістермен таныс болды. Еліміздің Президенті Қ. Тоқаевтың жолдауындағы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістер, педагогтарды аттестациядан өткізудегі енгізілген өзгерістер қаралды. Осы жылдан бастап, Орталығымыздағы мектеп электронды журналға көшу туралы шешім қабылданды.

Биылғы оқу жылы ұстаздар ұжымына сәтті жыл болуын тілейміз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner