
Ауысым қатысушыларына ұлттық құндылықтарымыз дәріптеу үшін Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайына саяхатқа бардық. Әлем бойынша музыкалық аспаптарға арналған музейлердің бірі саналатын Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі 1981 жылы ашылып, 1990 жылы музейге Ықылас Дүкенұлы есімі берілді. Музейде қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар әлемнің 50-ге жуық елінің мәдениетімен таныстыратын 9 экспозициялық зал жұмыс істейді. Балалар барлығына кіріп танысып, тамаша әсер алып шықты.










.png)