
Орталығымызда «KitapFest - 2023 білім әлемінде» тақырыбындағы республикалық семинар өтті. Екі күнге ұласқан ауқымды шарға елдің түкпір-түкпірінен келген 200 адам қатысты. Семинарға қатысушылар техникалық және кәсіптік білім ұйымдары кітапханаларының өзекті мәселелерін, кітапхананың рөлі мен орнын, қазіргі жағдайы мен болашағы жайлы сөз қозғады.Семинарда «Атамұра», «Мазмұндама», «Отбасы хрестоматиясы» сияқты баспалардың өкілдерімен кездесу өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, пленарлық отырыс, шеберлік-сыныптары өткізілді. Шара соңында барша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.









.png)