Наурыз – көктемнің келуімен бірге табиғаттың жаңарып, тіршіліктің қайта түлейтін ерекше мерекесі. Бұл күн – бірлік пен татулықтың, ізгілік пен мейірімділіктің символы болып саналады.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында адамдар бір-біріне ақ тілек айтып, өкпе-ренішті ұмытып, жаңа жылды таза көңілмен қарсы алады. Наурыз – тек мереке ғана емес, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін, рухани құндылықтарымызды жаңғыртатын маңызды күн.

Бұл күні ұлттық тағамдар әзірленіп, әсіресе Наурыз көже дайындалады. Түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ән мен күй шырқалып, халықтың көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Біздің орталықта да Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Іс-шара барысында ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, шығармашылық қойылымдар ұйымдастырылып, қатысушылар қазақ халқының бай мәдениетімен танысты.

Наурыз – әр жүрекке жылулық сыйлап, жаңа бастамаларға жол ашатын мереке. Бұл күн әр шаңыраққа қуаныш, молшылық және бақ-береке әкелсін!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner