Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.

       Халықтың осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан, мемлекет тарапынан дабыл қағылып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн”, – деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын отыз таңдаулы кітаптың тізімін ұсынған болатын. Қазір осы бағытта маңызды бағдарламалар жасалуда. Адамзат ақыл-ойының жиынтығы- кітапта болса, білім – соны сақтайтын қазыналы сандық. Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» РОСО –да  «Оқуға құштар Балдәурен» жобасы жүзеге асуда. Жобаға қатысушылар демалушы балалар мен қызметкерлер.

    Жобаның жоспарында қызметкерлердің де кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру жоспарланған. Бөлім басшылары  арасында «1 минуттық оқу» сайысы болып өтті. Сайыс қорытындысы бойынша денешынықтыру спорттық бөлімі аға нұсқаушысы Абенов Азамат Дастанұлы 240 сөз оқып жеңімпаз болды.

        Жоба аясындағы жоспарлы істер алдағы уақытта да жалғасын табады.  


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner