Олимпия спорт мерекесі. Бұл мереке жастар арасында салауатты өмір салтын және олимпиалық қозғалысты насихаттайды, бұқаралық спортты және балалар командасын біріктіреді. «Олимпия» спорт мерекесі ауысым қатысушылары үшін ең жарқын және есте қалатын оқиғалардың бірі болып табылады.

«Future engineering»  болашақ жас инженерлер көзімен» атты  2022 жылғы 15- ауысымында «Олимп шыңы» кіші олимпия ойындары  болды. Жарысқа екі топ қатысты: кіші және үлкен. Бірінші күн командалық біріншілікке арналса, екінші күн негізінен жеке біріншіліктер мен «Жастар» (ұйымдастырушы мұғалімдер командасы) және «Балдәурен» (балалар командасы) командалары арасындағы жолдастық кездесулерге арналды. Олимпиада қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар салтанатты түрде дипломдармен марапатталды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner