
Ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, «Жаңа жылда - Жаңа ертегі» жас таланттар фестивалі» атты 16-ауысымдағы «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!» мерекелік концерті өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасында орналасқан халықтардың мәдени мұрасы туралы оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, өз елінің салт-дәстүрін білу, ұрпақ сабақтастығы сезімін дамыту. Отанға деген сүйісеншілік, бірлік, ұлтжандылық сезімдері мен Қазақстанда тұратын барлық халықтарға құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатын көздеді. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін оятып, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеп, шыншылдыққа тәрбиелеу үшін өткен іс-шараға 16– ауысым оқушылары мен ұстаздар ұжымы ат салысты. Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған мерекелік кешімізде Желтоқсан құрбандарына арнап өлеңдер оқылып, 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Сонымен қатар, көріністер қойылып, күй тартылып, әндер шырқалды. Ұлттар арасындағы достықта өскелең ұрпаққа дәріптеу үшін «Балдәурен» би ансамбілінің орындауында «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» атты ұлт өкілдерінің биі биленді. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық аспан, бейбітшілік тілейміз!
«Балдәурен» РОСО Оқу-білім беру бөлімі










.png)