Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулық адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. «Денсаулық – зор байлық» деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса, иесі де мықты. «Сау денеде –салауатты рух болады» деген мақал ескіден қалған.

Балалардың бойында салауатты өмір салты мотивизациясын дұрыс қалыптастыра білу тәрбиешілер мен ата-аналардың қосылып жүргізілген шараларына байланысты болмақ. Осы мақсатты көздей отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында  «Тезірек.Жоғары.Күштірек» денсаулық марафоны» атты 2022 жылғы 10- ауысымы басталды. 30 шілде күні ауысымның ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шара әдемі прологпен басталып, әндер шырқап, би биледі. Сонымен қатар ауысым презинденті болып, Қостанай облысынан келегн Нұржанов Дулат сайланды. Енді ауысым қатысушыларына сәтті демалыс тілейік!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner