
«Егіздер- ерекше жандар» шығармашылық егіздердің кездесуі атты
2022 жылғы 9 - ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(10.07 - 24.07. 2022 ж.)
ҚР БҒМ бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қонаев қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 10-шілде мен 24-шілде аралығында «Егіздер- ерекше жандар» шығармашылық егіздердің кездесуі атты 2022 жылғы 9 – ауысымы өтеді.
Ауысым қатысушылары: Шығармашылық пен замануи билермен, вокалды әнмен айналысатын егіз балалар.
Ауысымның мақсаты: Демалушы егіз балалардың өнерлерін ортаға сала отырып, өз елінің ұлттық мұрасын қастерлеуге, эстетикалық танымын және өнерге қызығушылығын дамыту.
Міндеттері:
- Балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, өз елінің мәдениеті мен тарихын құрметтейтін жасөспірімдерді тәрбиелеу;
- Ауысымға қатысушыларға шығармашылық қызмет түрлеріне баулу шығармашылық ойлауды дамыту;
- Бос уақыттарын ұтымды пайдалануға қажетті жағдай жасау, мәдениет пен салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;
Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:
- 2022 жылғы 9-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
- 2022 жылғы 9-ауысымның ашылу салтанаты;
- «Егіз-лебіз» топ визиткасын қорғау кеші;
- «Жастар Style» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
- «Even stars»жұппен эстафеталық ойын;
- Ә.Молдағұлованың туған күніне орай ұрандар байқауы
- «Олимп күні» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
- «Happy birthday» туған күн иелеріне арналған концерт;
- «Дәлме дәл» пародия байқауы;
- «Құмды қамал» жағажайда қамал жасау байқауы;
- «The world of twins» театрланған фарс;
- «Екі жұлдыз» байқауы;
- «Гарри Поттер» квест ойыны;
- 2022 жылғы 9 – ауысымның жабылу салтанаты;
- «See you, Baldauren» гала-концерт.
2022 жылдың 9-ауысымының салтанатты ашылуы 12 шілде күні сағат 19:30-да.
2022 жылдың 9-ауысымының салтанатты жабылуы 23 шілде күні сағат 18:00-де.
Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қонаев су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қонаев қ. «Балдәурен» РОСО
Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50
Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru







.png)