«Шектеусіз шығармашылық» жас таланттардың шығармашылық бағдарламасы» атты 2023 жылғы 3 – ауысымында «Жұлдызды сәт» атты  «Меломен» тобының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесу балалардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау, өнерге біртабан жақындату мақсатында ұйымдастырылды. «Melo’Men» тобы 2007 жылдың күз айында құрылған. Жігіттер вокалға,хореографияға,актерлық шеберлікке көп көңіл бөледі. Репертуарларында «О,Махаббат», «Арман Шағала», «Сүйгенім бол», «Бақыт құшағында», «Абайла сұлу қыз» және т.б. әндері бар. Сонымен қатар, «Сен мені күт» жаңа әнін ауысым қатысушыларымен бірге шырқап, би биледі. Кездесу барысында балалар жұлдыздардан өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алды. 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner