«Әлемге балалар көзімен» сүйіспеншілік пен қамқорлық акциясы» атты 2023 жылғы 1- ауысымында «Жарқын жүздесу» актер, әнші Олжас Абаймен кездесу өтті. Олжасты көпшілік “Ochooou” деп таниды. Олжастың қоржынында “Бомба”, “Қабағыңды түйме”, “Ашуланбашы”, “Самса”, “Сезін мені”, “Бағдаршам”, “Өзің таңда”, “Сенбейсің”, “Таңғы кофе” сияқты әндер бар. Одан бөлек, әнші әр жылдары Дана Кентай, Ұшқын Жамалбек, Әсет Есжандармен бірігіп дуэт орындады. Көрермен қауым ғаламторда Ochooouдың “Бағдаршам”, “Сенбейсің”, “Бомба” әндеріне түсірген бейнебаяндарын жоғары бағалап, ол туралы “тыңдарман той-бизнестен шаршаған уақытта эстрадаға тың серпін әкелген әртіс” деп пікір қалдырған екен. Кездесу барысында ауысым қатысушылары жұлдызға өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Тіпті, әншімен бірге ән орындап армандарын жүзеге асырды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner