
Ынталы да талапты, алғыр оқушыларды анықтау және оларды ізденуге, тез ойлауға баулу арқылы болашақтағы инженерияның мәселелеріне қызығушылығын арттыру үшін «EnergyCity» макеттер жобасы ұйымдастырылды. Жоба «TEDx BALDAUREN» конференциясы аясында өтіп, оқушылар бірегей идеяларын ұсынды. Талқыланатын тақырыптары бойынша ұсыныстар айтып, оқушылардың ауысым тақырыбына сай білімін өз бетінше кеңейтіп, жеке тұлғалық және шығармашылық қабілеттерін дамытты.









.png)