«JAIDARMAN CUP» КТК командалар фестивалі» атты

2022 жылғы 7 - ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(06.06 - 20.06. 2022 ж.)

ҚР БҒМ бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесі бойынша Қапшағай қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 6-маусым мен 20-маусым аралығында «JAIDARMAN CUP» КТК командалар фестивалі» атты 7-ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: көңілді тапқырлар клубтары командаларының аудандық, қалалық, облыстық жеңімпаздары, оқу озаттары.

Ауысымның мақсаты: көңілділер мен тапқырлар клубы қозғалысын дамыту, ауысым қатысушыларын ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, балаларға бос уақытты тиімді пайдалануды насихаттау.

Міндеттері:

  • қазақстандық патриотизм, өз елі үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, зияткерлік әлеуетін дамыту;
  • балалардың шығармашылықтарын, өзін-өзі жетілдіруі үшін жағдай жасау, табысқа жету уәждемесін қалыптастыру, мерекелік атмосфера құру;
  • сауықтыру, демалыс және бос уақыттарын ұтымды пайдалануға қажетті жағдай жасау, балалар арасында қарым-қатынас жалпы мәдениетін қалыптастыру.

Ауысым аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. 2022 жылғы 7-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  2. 2022 жылғы 7-ауысымның ашылу салтанаты;
  3. «Әзіліміз жарассын» топ визиткасын қорғау кеші;
  4. «Жастар Style» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
  5. «Олимп шыңы» спорт мерекесінің ашылуы және жабылуы;
  6. «Jaidarman cup» КТК командалар ойыны (І, ІІ кезең және финал);
  7. «Бақытты күн» туған күн иелеріне арналған концерт;
  8. «Күлкі витамин» залмен ойын сайысы;
  9. «Bal.market» экономикалық ойыны;
  10. «Жайдарман білгірі» бекет бойынша зияткерлік  ойыны;
  11. «Baldauren.Dance» би байқауы;
  12. 2022  жылғы 7 – ауысымның жабылу салтанаты;
  13. «Алтын ұя, Балдәурен!» гала-концерт.

 

2022 жылдың 7-ауысымының салтанатты ашылуы  8 маусым күні сағат 19:30-да.

2022 жылдың 7-ауысымының салтанатты жабылуы 19 маусым күні сағат 18:00-де.

 

Мекен-жайымыз: 040800, Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының солтүстік-батыс жағалауы, Қапшағай қ. «Балдәурен» РОСО

Байланыс телефоны: 8(72772) 5-02-55, 5-02-50

Электрондық пошта: kapshagay.baldauren@mail.ru


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner