
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында балалардың таным көкжиегін кеңейту, әдебиетке қызығушылығын арттыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мақсатында жазушы, қоғам қайраткері Саят Камшыгермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қонақ өзінің өмір жолы, шығармашылық қызметі және әдебиет саласындағы тәжірибесі туралы әңгімелеп, білім алудың, кітап оқудың және үздіксіз ізденістің маңыздылығына тоқталды.
Мұндай кездесулер балалардың әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге және тұлғалық дамуына ықпал етеді. Кездесу жылы әрі мазмұнды атмосферада өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.







.png)