
Дыбыстық оркестр – топ балаларының бірлесе әннің әуенін әр түрлі дыбыстар арқылы жеткізу. Қонаев қаласы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «MaestroBaldik» дыбысты оркестр байқауы өтті. Топ болып жарысқан балалар өздерінің музыкалық қабілеттерін сынап көрді. Қызу сайыс барысында оқ бойы озық болған топты анықтау әділ-қазы алқаларына қиынға түсті. Ырғақты қойылған әуенмен жарыса түрлі заттар арқылы сол әннің әуенін қоса орындаған балаларды құдды бір оркестр дерсің. Тартысты әрі қызыққа толы байқау болды. Жүлделі орын алған топтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.










.png)