«Шежірелі домбыра» республикалық домбырашылар байқауы

       Балалар жылы аясында Қапшағай қаласы «Балдәурен» РОСО-да 2022 жылдың 7-8 сәуір аралығында «Шежірелі домбыра» республикалық домбырашылар байқауы өтті. Байқауға қатысушылар  Атырау, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары және Алматы, Шымкент қалаларынан келді. Сайыс жалпы ІІІ кезеңнен тұрды. ІІІ кезең қорытындысы бойынша жүлделі орындар мен номинациялар анықталды. І орын иегері Павлодар облысынан келген Булатбаев Асфандияр болды.

    Екі күнге созылған байқау ерекше өтті. Балалар белсенді, өнерлі, көңілді болды. Барлық қатысушылар жақсы дайындықпен келген. Қатысушыларға байқау ұнады деген ойдамыз. Алдағы уақытта қатысушыларға сәттілік, биік белестерден көріңсін және күй өнері дами берсін деген тілек білдіреміз.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner