«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы РМҚК ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп 2022 жылдың 15 тамызында балалар орталықтары/лагерьлері педагогтерінің «Заманауи балалар орталықтарының тәрбие міндеттерін трансформациялау: жетістіктер, мәселелер, перспективалары» атты Республикалық тамыз форумының панельдік отырысын өткізеді.

Конференция Ұлттық құндылықтарды еңгізу және болашақтың кәсіби дағдыларын дамыту арқылы рухани-адамгершілік тәрбиенің тиімділігін арттыру мақсатында өтеді.

Модератор - «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының Бас директоры Алибаев Сержан Төлеметұлы.

Конференцияға 500 адам қатысады, оның ішінде ҚР АОМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының, Ресей Федерациясының «Артек» ХБО, «Океан» ББО, «Орленок» ББО, «Смена» ББО, Беларусь Республикасының «Зубренок» ҰБО, «Балдәурен» РОСО және оның филиалдарының, облыстық балалар орталықтарының/лагерьлерінің және "Қамбаш" олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының өкілдері және т.б


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner