«TEDx BALDAUREN» жобасы бастау алды 

             TEDтің қазақша баламасы -  технология, көңіл көтеру және дизайн.  Осы сөздердің аясында жаңа идеялар айтылатын конференция деген сөз. Ал «x» деген ТЕД-тің форматында өткізілетін тәуелсіз іс-шаралар дегенді білдіреді. TEDx әлемдегі ғылыми жаңалықтарды насихаттауға арналған ғылыми конференция болғандықтан, таратуға тұрарлық идеялармен қатар дүниежүзілік коммуникацияны және сол идеяларды таратуды ынталандыру керек. Осы жұмыстардың нәтижесінде ұстаздардың өткізген алғашқы «TEDx BALDAUREN» конференциясы қатысушылар мен көрермендерге ұнады. Әсіресе қатысушыларға ұнағаны - еркін тақырып таңдауы. «Маған бәрібір», «Робот дәрігер», «Зона комфорта», «Жастардың жаңа менталитеті», «Үздік оқушы синдромы», орыс тіліндегі «Цикл злости», «Как избежать конфликта?», «Школа убивает кретивность детей», «Центр помощи и адаптации неопределившихся в жизни подростков», «Какие предметы внести в школьную программу?» сияқты тақырыптар арқылы балалар бүгінгі жастардың өткір де өзекті әлеуметтік мәселелерін  қозғап, сыни көзқарастарын белсенді түрде жеткізе білді.

          Қазіргі кезде балалар арасында пікірталас өнерін қалыптастыратындай ахуал туғызуымызды түсінуіміз керек. «TEDx BALDAUREN» конференциясына қатысқан баланың саналы, салмақты шешімдер қабылдауына алғашқы қадамы болуы мүмкін. Өйткені, жасөспірімдердің сөздерінен  қаншалықты терең әрі сапалы ойлайтынын, қазіргі таңда біздің қалай өмір сүретінімізді, болашақта  еліміздің өсіп келе жатқан ұрпақпен  қалай дамитынын көруге болады. Осындағы іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар өз ауылдарында, өз мектептерінде дебаттарды жандандырып, осы жаңа форматағы «TEDx» жобасын жалғастырады деп сенемін.

        Ендігі кезеңде балалардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына бағытталған жобаларды қолдай отырып, әр ауысымда TEDx форматта дөңгелек үстел, немесе конференция, тренингтерді жалғастыруды жоспарлаудамыз. 

 

 Хаджимуханова Жарқынай Биболатқызы

Қапшағай қаласы «Балдәурен» РОСО кешен

басшысының оқу -тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner