
"ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КІТАППЕН"
Орталығымызда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жазғы демалыс кезінде «Жазғы демалыс кітаппен» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- Жазғы демалыста балалардың бос уақытын қызықты, мазмұнды ұйымдастыру;
- Балалардың арасында оқуға қызығушылықты қолдау және дамыту;
- Жеке тұлғаны белсендіру арқылы балалардың оқу белсенділігін ынталандыру;
- Балаларды өз бетінше әдеби шығармашылық үдерісіне баулу арқылы әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқауды жүзеге асырудың негізгі принцптері:
«Бір-біріңе кітап оқыңдар!»
«Жазды кітаппен өткізіңдер!»
«Оқу қызық!»
«Оқудан шығармашылыққа!»
Байқауға қатысушылар 3 топтан тұрады.
(1-4 сынып, 5-9 сынып, 10-11 сынып оқушылары)
Байқау келесі шығармашылық Номинациялар бойынша өткізіледі:
1-4 сынып
1. «Өлең-сөздің патшасы»
(Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» кітабынан үзінділерді мәнерлеп оқу);
2. «Ертегілер елінде»
(«Әжемнің ертегілері» кітабы бойынша ертегілер мазмұнын айту, көрініс көрсету және сурет салу)
5-9 сынып
«Батырлар ісі өнеге»
(«Ер Тарғын», «Алпамыс батыр», «Қобланды батыр» және т.б. батырлар жырынан үзінділер жатқа айту)
10-11 сынып
«Мен бұл кітапты оқуға кеңес беремін»
(Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма» кітабын оқу арқылы өзіңе қажет қандай кеңес таба алдың және өзіңмен күресу жайлы қандай мотивациялық пікірлерді айта аласың?)
Байқау қорытындысы бойынша үздік ойыншылары анықталып, марапатталды.
«Өлең-сөздің патшасы» номинация бойынша
1. Гран – при Қалмұрат Еркеназ
2. 1орын – Бақытбеков Нұрман, Момынова Айару
3. 2 орын - Жарқынбек Бекзат
«Ертегілер елінде» номинация бойынша көрініс көрсету
1. Гран – при - Ерғалиұлы Аян
2. 1 орын – Бақытбеков Нұрман, Момынова Айару
3. 2 орын - Нұрланқызы Назерке
4. 3 орын - Қонбай Нұрай
5. Сертификат – Қожабек Әзиза, Дузбай Дастан
«Ертегілер елінде» номинация бойынша сурет салу
1. Гран – при - Амирсиит Нұрзат
2. 1 орын – Юсупов Закиржан,Мусаева Жасмин
3. 2 орын – Талапбай Абилмансур, Абдуалиева Томирис
4. 3 орын – Құрманғали Алуа, Кислая Ксения
«Батырлар ісі өнеге» номинация бойынша
1 . 1 орын – Бахытбек Тілейхан
2. 2 орын – Әмзебек Асылхан
«Мен бұл кітапты оқуға кеңес беремін»
1. Гран – при - Дәуіт Көркем
2. 1 орын – Сердалы Еркеназым
3. 2 орын – Кенжебекқызы Аяулым







.png)