
"ЖАСТАР" ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ
27-қараша "Жастар" педагогикалық тобының туған күніне орай 4 орталықтың қатысуымен бас орталықта фестиваль ұйымдастырылды. Фестивальға "Жастар" педагогикалық тобының алғашқы құрамы қонақ болып келді. 4 орталықтың өнерлі де, шығармашыл жастары сахналық қойылымдар дайындап, өз өнерлерін қонақтар мен оқушыларға көрсетті. Жас ұйымдастырушы-ұстаздарға алғашқы құрам сары галстуктер тағып, жұмыстарына сәт сапар тіледі. Сонымен қатар екінші күні спорттық спартакиада өткізілді. Қонаев "Балдәурен" орталығы үстел теннисі, жүзу, жүгіруден жүлделі бірінші орындар иеленді.










.png)