"ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ" 
        Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста.
         Қазақстанда дiни экстpемизмге қаpсы iс-қимыл және оның алдын-алу мемлекеттiк саясаттың басым бағыттаpының бiрi pетiнде жаpияланды. Ол үшін заңнамалық база жетiлдіpілуде, көптеген мемлекеттік бағдаpламалаp қабылдануда, осы мәселелеpді шешуге уәкілетті мемлекеттік және қоғамдық органдаpдың барлық түрлеpі жасалуда.
Осыған орай Қонаев қаласы әкімдігінің тапсырмасымен "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 6-ауысым оқушыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнежазбалар көрсетілді. 
           Экстремизм қауіптерін ескерту және алдын алу бойынша жұмыс жасаған кезде адамдардың әртүрлі діни сенімдерге төзімділік және бейбіт өмір сүру идеясын белсенді насихаттау болып табылады.  Осылайша, ұлттық қауіпсіздік органдарына осы құқықты беру экстремистік және террористік құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге бағытталған болжамдалған нәтижелер мен мақсаттарға қол жеткізді.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner