
"NICE TO MEET YOU" ҚЫЗЫҚТЫ ТАНЫСУ КЕШІ
Әр ауысымның өзіндік ерекшеліктері бар. Осы жолғы ауысым қатысушылары еліміздің әр аймағынан келген көшбасшылар мен мектеп парламенті мүшелері. Белсенді оқушылармен жақынырақ танысу үшін тәрбие кешенінің ұйымдастыруымен "NICE TO MEET YOU" қызықты танысу кеші ұйымдастырылды. Бұл кеште орталығымыздағы қатысушылар сақтауы тиіс бірталай ережелермен таныстырып, әр аймақтан келген оқушылардың өз өнерлерін еркін түрде көрсетуге мүмкіндік болды. Қызықты да көңілді кеште ойындар ойнатылып, ұйымдастырушы-ұстаздар биледі.







.png)