
«Жарқын жүздесу» Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен кездесу кеші өткізілді. Оқушылар автордан қолтаңбамен кітаптар алып, өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарды қойды. Саят Қамшыгер аудармашы ретінде "Тастамашы ана", "Ертегісіз өткен балалық шақ", "Көше балалары" сынды бірқатар аудармалары жайлы айта отырып, оқушыларды кітап оқып қана қоймай, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру жайлы тілге тиек етті.










.png)