2025 жылғы 2-ауысымның ашылу салтанаты

           2025 жылғы 2-ауысымында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жасампаздық – болашаққа қадам» атты инновациялық идеялар турнирының ашылу салтанаты өтті. Бұл шараға еліміздің әртүрлі аймақтарынан талантты жас өрендер қатысып, болашақтың инновациялық жобаларын ұсыну мақсатында өздерінің шығармашылықтарын көрсетеді.

           Ашылу салтанатында сөз алған кешен басшысының уақытша міндетін атқарушы Жұмабаева Бағила Сериковнаға берілді. Ол өз сөзінде: «Біз бүгін болашаққа қадам басып отырмыз. Бұл турнир жаңа идеялар мен шығармашылықтың мәйегі болары сөзсіз. Әрбір идея мен жобаның артында еңбек пен шынайы ұмтылыс жатыр. Осы бастамалар арқылы жастардың жаңа технологиялар мен ғылым салаларындағы жетістіктеріне жол ашамыз» деп атап өтті.

           «Жасампаздық – болашаққа қадам» турнирының басты мақсаты – жас ұрпақтың инновациялық ойлауын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын насихаттау. 

          2025 жылғы 2-ауысымның «Жасампаздық – болашаққа қадам» инновациялық идеялар турниры ашылуының басты мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін көтеру және жаңа идеяларды өмірге енгізу. Бұл шара елімізде ғылым мен инновация саласында үздік жаңа жобаларды тудырудың алғашқы қадамы болып табылады.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner