
Балаларды азаматтылық пен отаншылдық, парасаттылық пен адалдық қасиеттеріне баулу, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында 2 ауысым қатысушылары әскери-тарихи мұражайына барды. Қорғаныс министрлігінің әскери-тарихи мұражайы 1965 жылы офицерлер үйінде ашылды. Мұражай экспонаттары ХХ ғасырдың басынан бері қолданылып келе жатқан кеңестік әскери техника мен қару-жарақтың үлкен коллекциясын ұсынады. Балалар I,II дүниежүзілік соғыс, соғыс жылдарындағы Қазақстан туралы мәліметтермен таныс болды.








.png)