
Орталығымызда 7-8 маусым аралығында 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдәурен білгірі-2022» ІІІ Республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Іс-шара балалардың шығармашылық ойлауы мен зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік жобаларға бейімделуін қалыптастыру мақсатын нысанаға алды.
Зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша қорғалды:
1-бағыт: «Тілдердің үштұғырлығы» (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі);
2-бағыт: «Көркем әдебиет» (қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті);
3-бағыт: «Сандық ресурстар» (математика, қолданбалы математика);
4-бағыт: «Ғаламшар ғажайыптары» (физика, космос, техника);
5-бағыт: «Адам денсаулығы» (биомедицина, медицина);
6-бағыт:«Туған жерге тағзым» (өлкетану, дүниетану, этномәдениеттану);
7-бағыт: «Жаратылыстану ғылымдары» (химия, биология, жаратылыстану, экология);
8-бағыт: «Ақпараттық технологиялар» (информатика, робототехника);
9-бағыт: «Ұлы даланың жеті қыры» (тарих, география, көркем еңбек)
10-бағыт: «Әлеуметтік жобалар» (барлық сала бойынша).
Байқау қатысушылары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, Гран-при ұтып алған балаларға «Балдәурен» РОСО-на жолдама берілді. Жетекшілеріне де құрмет грамоталары табысталды.
Барлық қатысушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!







.png)