«Балдәуреннің жаңа жылдық ертегісі» 

жас дарындардың республикалық фестивалі

 

Қапшағай қаласы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2021 жылдың 16-ауысымындағы  ««Балдәуреннің жаңа жылдық ертегісі»  жас дарындардың республикалық фестивалі» атты қысқы ертегісін бастайды. Балалар арман аралында қысқы ертегінің қызықты күндері  құрдастардың ортасында өтетін  болады. Күн сайын біздің орталығымызда қызықты үйірмелер, спорттық-сауықтыру танымдық бағыттары, шеберлік сыныптары өткізіледі. Балалар ашық ауада ойындар ойнайды, концерттерге, шығармашылық іс-шараларға және спорттық жарыстарға қатысады. Сонымен қатар, ауысымның басты бағытының бірі - ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар. Олар: тақырыптық концерттік бағдарламалар, шығармашылық кештер, экскурсиялар және т. б.

 

Орталығымызда балалар міндетті түрде жаңа достар табады, ал біздің тұрақты тұрғындар (орталық қызметкерлері) ескі достармен кездеседі. Жаңа жыл қарсаңында балаларды ертегі, мерекелік дастархан, жаңа жылдық шыршаның жанында ойындар мен байқаулар, қызықты ән-би кеші және Аяз Ата мен Ақшақар күтуде.

Әдеттегідей біздің "Балдәурен" орталығында балаларды көптеген жағымды жаңа жылдық тосынсыйлар, "Жаңа жыл-бақытты күндердің бастауы" атты жаңа жылдық қойылым күтеді.

Қапшағай қ. "Балдәурен" РОСО-ға әлемдегі ең үздік және көңілді шыршаға қош келдіңіздер!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner